26.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: «Реал» Испания Кубогының финалына қатысады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: «Реал» Испания Кубогының финалына қатысады

«Реал Мадрид» клубы Испания Кубогының финалына ресми түрде қатысатынын мәлімдеді.

«Төрешілердің орынсыз пікірлері әлемдік деңгейдегі бұл маңызды спорттық оқиғаның мәнін түсіре алмайды», — делінген мадридтік клубтың ресми хабарламасында.

Бұған дейін «Реал Мадрид» финалға қатысудан бас тартуы мүмкін деген сыбыстар тараған болатын. Алайда клуб мәлімдемесі арқылы бұл ақпаратты жоққа шығарды.