15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Лука Модрич «Милан» ойыншысы атанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Лука Модрич «Милан» ойыншысы атанды

39 жастағы хорват жартылай қорғаушысы италиялық «Миланмен» 2026 жылға дейін келісімшартқа отырды. Құжатта тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

Модрич жаңа клубында 14-нөмірлі жейде киіп, «россонери» сапында өнер көрсететін болады.

Айта кетейік, ол бұған дейін 12 жыл бойы мадридтік «Реал» намысын қорғаған.