26.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Холлоуэй мен Порье арасындағы трилогия өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Холлоуэй мен Порье арасындағы трилогия өтеді

Макс Холлоуэй мен Дастин Порье үшінші рет октагонда кездеседі. Жекпе-жек 19 шілдеде Жаңа Орлеанда өтетін UFC 318 турнирінде ұйымдастырылады. Бұл жолы BMF (Baddest Motherf*cker) титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, бұған дейінгі екі кездесуде де Дастин Порье жеңіске жеткен болатын. Олар алғаш рет 2012 жылы, кейін 2019 жылы жұдырықтасқан.