03.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Ғалымжан Кенжебек «Елімай» ойыншысы

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Ғалымжан Кенжебек «Елімай» ойыншысы

Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек «Елімай» командасының қатарына қосылды. Бұл туралы клубтың ресми парақшасы хабарлады.

22 жастағы футболшы кәсіби жолын Таразда бастап, кейін «Қайрат» академиясында шеберлігін шыңдаған. Ол шетелде – Кипрдің «Акиртас Хлоракас», Словакияның «Кошице» командаларында да тәжірибе жинаған.

«Елімай» клубы: «Абай еліне қош келдің дейміз, жаңа тарихтың парақтарын бірге жазуға сәттілік тілейміз!» – деп жаңа ойыншыны жылы қабылдады.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!