21.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды

f34546ada23021b2ec5e21d489ca4369 2pNzEHsNJDelMmtrcvzNFbbo9946IvDIai2Js4va.jpg

Давид Лория ҚФФ вице-президенті болып тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz

Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті қызметін атқарады.

Давид Лория – қазақ футболы тарихындағы ерекше тұлғалардың бірі. Футболшы мансабында «Жеңіс», «Есіл», «Шахтер», «Хальмстад» (Швеция), «Спартак-Нальчик» (Ресей), «Астана», «Ертіс», «Ризеспор» (Түркия), «Қайрат», «Каршияка» (Түркия), «Ордабасы» клубтарында ойнады. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады.

1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысты.

Мансабын аяқтағаннан кейін Давид Григорьевич «Астана» футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және «Super Bol» жобасында басшылық қызметтер атқарды.

2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында білім алды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы осыған дейін ҚФФ президенттігіне үміткер болған. Бірақ соңғы сәтте Марат Омаровтың пайдасына кандидатурасын алып тастаған еді.