Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 26 шілдеде өткізеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Асу Алмабаев келесі жекпе-жегін 26 шілдеде өткізеді

Қазақстандық UFC файтері Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы мен жекпе-жек өтетін күні белгілі болды.

Ресми ақпаратқа сәйкес, отандасымыз 26 шілде күні Әбу-Дабиде өтетін турнир аясында ресейлік Рамазан Теміровпен кездеседі. Бұл — ең жеңіл салмақтағы маңызды кездесу болмақ.

Қазіргі уақытта Асу Алмабаев UFC рейтингінде 8-орында, ал оның қарсыласы Теміров 13-сатыда тұр. Жекпе-жек жеңімпазы салмақ дәрежесінде жоғарылау мүмкіндігіне ие болады және чемпиондық жекпе-жекке бір қадам жақындай түспек.

Бұл Асу үшін UFC-дегі кезекті үлкен сынақ болмақ. Бұған дейін ол ұйым аясында қатарынан үш қарсыласын жеңіп, үздік ондыққа енген болатын.