29.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресми: Антонио Рюдигер үшін маусым аяқталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Ресми: Антонио Рюдигер үшін маусым аяқталды

«Реал Мадрид» қорғаушысы Антонио Рюдигер «Барселонаға» қарсы өткен матчта жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.

Медициналық тексеріс нәтижесінде футболшыға ота қажет екені анықталды. Осыған байланысты Рюдигер кем дегенде 1,5 ай бойы футболдан тыс қалады. Демек, ол ағымдағы маусымның қалған бөлігін өткізіп алады.