06.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Ресейлік қақпашы «Атырауға» ауысты

SPORT+ мәліметі бойынша, ресейлік Арсен Сиюкаев Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындары кезінде «Атырау» футбол клубына қосылды.

Тәжірибелі қақпа қорғаушысы қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс: ол Премьер-лигада өнер көрсететін «Ақсу» мен «Жетісу» клубтарының намысын қорғаған.

Ресей футболында Сиюкаев нальчик «Спартагы» мен томск «Том» үшін өнер көрсетті. Сондай-ақ оның қызмет тізімінде Армения чемпионатында ойнау тәжірибесі бар.