21.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресейлік файтер Усман Нурмагомедов Дубайда жекпе-жек өткізеді

Ресейлік файтер Усман Нурмагомедов Дубайда жекпе-жек өткізеді

Жеңіліп көрмеген ресейлік Усман Нурмагомедов PFL жеңіл салмақтағы титулын британдық Альфи Дэвиске қарсы қорғайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Нурмагомедовтың жекпе-жегі 7 ақпанда БАӘ-нің Дубай қаласында өтетін турнирдің басты оқиғасы болады.

Соңғы жекпе-жегінде Нурмагомедов ирландиялық Пол Хьюзді төрешілер шешімімен жеңді.

Тамыз айында өткен соңғы жекпе-жегінде Дэвис ресейлік Гаджи Рабадановты төрешілер шешімімен ұтты.