26.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресейлік файтер Икрам Алискеров Чун Ён Пакты ұпай санымен ұтты

Ресейлік файтер Икрам Алискеров Чун Ён Пакты ұпай санымен ұтты

Орта салмақта өнер көрсететін ресейлік UFC жауынгері Икрам Алискеров Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 321 турнирінде оңтүстіккореялық Чун Ён Пакты ұпай санымен жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы Алискеров аралас жекпе-жекте 2012 жылдың сәуірінде дебют жасаған. Әлемдегі ең беделді ұйым – UFC-де ол 2023 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Қазіргі рекорды: 16 жеңіс (оның 12-сі мерзімінен бұрын) және 2 жеңіліс.

34 жастағы Чун Ён Пак кәсіби мансабын 2013 жылдың желтоқсанында бастаған. UFC-ге 2019 жылы қосылған спортшы «Темір тасбақа» лақап атымен танымал. Оның есебінде 19 жеңіс (11-і мерзімінен бұрын) және 6 жеңіліс бар.