04.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресейге кеткен. «Қайраттың» бұрынғы бапкері байланысқа шықпай қалды

Ресейге кеткен. «Қайраттың» бұрынғы бапкері байланысқа шықпай қалды

Қазақстандық «Қайрат» пен «Рубиннің» бұрынғы бапкері Құрбан Бердыев Ресейге сапарынан кейін кенеттен байланысқа шықпай қалды. Бұл туралы 2024 жылдан бері жұмыс істеп жатқан қазіргі клубы — Әзербайжанның «Туран Товуз» ұжымы хабарлады, деп жазады Prosports.kz.

«Маусым айының басында клуб басшылығының бас бапкермен кездесуі жоспарланған болатын, бірақ Құрбан Бердыев байланысқа шықпады. Біз оған бірнеше рет хабарласуға тырыстық, бірақ нәтиже болмады», — деді клубтың ресми өкілі.

Бердыевтың жасы 72-де. Әзербайжанда жұмыс бастамай тұрып, ол Махачкаладағы «Динамо» командасын жаттықтырды. Ол Қазанның «Рубин» клубымен екі рет Ресей Премьер-лигасының чемпионы атанғаннан кейін кеңінен танылды. Сонымен қатар, ол қазақстандық жанкүйерлерге «Қайраттың» бұрынғы бас бапкері ретінде жақсы таныс — оның басшылығымен алматылықтар еурокубоктерде ойнаған.