19.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Ресей спорт министрі легионерлер лимитін қысқарту туралы пікір білдірді

Ресей спорт министрі легионерлер лимитін қысқарту туралы пікір білдірді

ТАСС хабарлауынша, Ресей спорт министрі Михаил Дегтярев ресейлік футболдағы қазіргі легионерлер лимитін қайта қарау бастамасын қолдады.

Қазіргі уақытта Ресей Премьер-лигасының клубтары құрамында 13 шетелдік футболшыны тіркей алады — бұл ретте алаңда бір мезгілде 8 легионерден артық болмауы керек.

«Жас ойыншыларға көбірек тәжірибе беру керек, сондықтан клубтардағы легионерлер санын азайту туралы пікірталасты орынды деп санаймын. Дегенмен шетелдік ойыншылардан толық бас тарту қажет емес. Жақсы шетелдік ойыншылар бәсекелестік тудырып, біздің жігіттердің өсуіне ықпал етеді», — деді Дегтярев.