17.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рейнджерс түлегі Райан Харди Рексхэм ойыншысы атанды

Рейнджерс түлегі Райан Харди Рексхэм ойыншысы атанды

Рексхэм футбол клубы Плимут Аргайлдан шотландиялық шабуылшы Райан Хардимен келісімшартқа отырғанын жариялады — клубтың ресми сайты хабарлайды.

Рейнджерсте мансабын бастаған 28 жастағы шабуылшы өткен маусымда Чемпионшипте 10 гол соқты. Ағылшын Кубогының төртінші кезеңінде Ливерпуль қақпасына соққан пенальтиі ерекше есте қалды.

«Бұл ауысуды аяқтағаныма өте қуаныштымын. Әсіресе, бәрі осындай ерте шешілгені қуантады — жұмысты бастауға асығып тұрмын», — деді Харди клуб сайтына берген сұхбатында.

Шабуылшымен келісімшарт 2027-28 маусымының соңына дейін жасалды. Бұл — Рексхэмнің 43 жылдан кейін алғаш рет ағылшын футболының екінші дивизионына оралу алдындағы алғашқы трансфері.

Рексхэмнің бас бапкері Фил Паркинсон трансферге қатысты пікір білдірді:

«Райан Хардиді клубта қарсы алуға қуаныштымын. Бірлескен жұмысты асыға күтеміз және оны СТоК Кэй Раста бәрі жылы қабылдайтынына сенімдімін».