Оқу уақыты: 1 мин

Реанн Скиннер «Вест Хэм Юнайтедпен» келісімшартын ұзартты

Реанн Скиннер «Вест Хэм Юнайтедпен» келісімшартын ұзартты

«Вест Хэм Юнайтедтің» ресми сайты хабарлағандай, әйелдер командасының бас бапкері Реанн Скиннер клубпен келісімшартын тағы бір жылға ұзартты.

45 жастағы маман өткен жазда команда тізгінін алып, Әйелдер суперлигасы дәуіріндегі клуб тарихындағы алғашқы әйел-бапкер атанған болатын. Өткен маусымды соңғы орынға жақын аяқтаған «балғашылар» Скиннердің жетекшілігімен айтарлықтай алға басты — 20 турдан кейін команда 23 ұпаймен жетінші орында тұр.

Соңғы бес матчта «Вест Хэм» жеңілген жоқ. Команда чемпионаттың басты фавориттері — «Манчестер Сити», «Челси» және «Манчестер Юнайтедпен» тең ойнап, соңғы турда «Кристал Пэласты» 7:1 есебімен тас-талқан етті.

«Мен «Вест Хэм Юнайтедпен» келісімшартты ұзартқаныма қуаныштымын. Соңғы бір жарым жылда біз алаңда да, алаңнан тыс та үлкен прогреске жеттік. Бұл — клубтағы барлық адамның бірлескен еңбегінің нәтижесі», — деді Скиннер.