Оқу уақыты: 1 мин

«Реалды» клубтар арасындағы әлем чемпионатында Солари баптауы мүмкін

«Реалды» клубтар арасындағы әлем чемпионатында Солари баптауы мүмкін

Карло Анчелотти қызметінен кететін болса, Мадридтің «Реалын» жазда өтетін клубтық әлем чемпионатында спорт директоры Сантьяго Солари уақытша баптауы ықтимал. Бұл туралы Relevo басылымы хабарлады.

Ақпаратқа сенсек, Солариге бұл туралы алдын ала айтылған, әрі ол команда тізгінін уақытша ұстауға дайын екенін білдірген. Клуб басшылығы жаңа бапкер келгенше команданы директордың өзі басқаруы – қалыпты жағдай деп санайды.

Сондай-ақ, клубтың қазіргі жағдайын ескере отырып, алдағы нәтиже болашақ жаттықтырушыға қысым болып түспеуі үшін бұл шешім ең дұрыс жол деп бағалануда. Анчелоттимен келісімшарт Ла Лигадағы чемпиондық мүмкіндіктер жойылмайынша бұзылмайды.

Айта кетейік, Анчелоттидің орнына жиі аталып жүрген үміткер – «Байердің» қазіргі бапкері Хаби Алонсо. Ол бұған дейін «Реалда» ойыншы ретінде өнер көрсеткен. Ал «Байер» басшылығы Алонсоның кетуіне кедергі келтірмейтінін мәлімдеген.