18.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Реал» жұлдызы португал футбол клубының иесі атанды

Euro-football.ru мәліметінше, португалиялық кәсіпкер Рикарду Висинтин «Алверка» клубындағы (Португалияның екінші дивизионы) үлесін Испания мен Бразилиядан келген инвесторлар тобына сатты.

A Bola басылымының хабарлауынша, бұл инвесторлар арасында мадридтік «Реалдың» бразилиялық шабуылшысы Винисиус Жуниор да бар. Мәміленің құны шамамен 10 миллион еуроны құрайды.

Винисиус осы маусымда жоғары нәтиже көрсетіп келеді: 31 матчта 16 гол соғып, 12 нәтижелі пас берді. Қазіргі уақытта ол командасымен бірге Чемпиондар лигасындағы «Манчестер Ситиге» қарсы маңызды матчқа дайындалуда.