14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» жас қорғаушы Рауль Асенсиомен 2031 жылға дейін келісімшарт жасамақ

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Реал» жас қорғаушы Рауль Асенсиомен 2031 жылға дейін келісімшарт жасамақ

Мадридтің «Реалы» 22 жастағы қорғаушы Рауль Асенсиомен келісімшартты 2029 жылға емес, бірден 2031 жылға дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы COPE радиостанциясы хабарлады.

Жаңа келісімшартта футболшының өтемақы құны ретінде 100 миллион еуро көрсетіледі.

Рауль Асенсио — «Реал» академиясының түлегі. Өткен маусымда ол барлық турнирлерде 53 ойынға қатысып, екі нәтижелі пас берген. Қазіргі келісімі 2026 жылдың жазының соңына дейін жарамды.

Transfermarkt порталының мәліметінше, жас қорғаушының қазіргі нарықтық құны — 40 миллион еуро.