10.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Реал жас қорғаушы Обрадорды Бенфикаға жібереді

Реал жас қорғаушы Обрадорды Бенфикаға жібереді

Фабрицио Романо журналистінің мәліметі бойынша, Рафаэль Обрадор мадридтік Реалдан кетіп, лиссабондық Бенфиканың ойыншысы болады.

21 жастағы қорғаушы — клубтар арасындағы трансферлік мәміленің маңызды бөлігі: португалдық команда Альваро Каррерасты Реалға жіберсе, Обрадор қарсы бағытта өтеді.

Өткен маусымда испандық футболшы Депортиво сапында өнер көрсетті — Сегундада ол 33 матч өткізді. Енді жас қорғаушы лиссабондық клубпен жеке келісімшарт талаптарын келісті.