06.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» жаңа маусымға арналған жейдесін таныстырды

«Реал» жаңа маусымға арналған жейдесін таныстырды

Мадридтік «Реалдың» жаңа формасы таныстырылды, деп хабарлайды Prosports.kz 

Мадридтіктер келер маусым өз алаңындағы ойындарда әдеттегідей ақ жейдемен өнер көрсететін болады.

Adidas форманың жел өткізуі жақсы болып, матч кезінде ойыншылар өздерін салқын сезіну үшін заманауи технологияларды пайдаланыпты.

«Бланкос» бұл жейдені алғаш рет клубтар арасындағы Әлем чемпионатында киеді.