25.11.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа қатардан шықты

«Реал» қақпашысы Тибо Куртуа қатардан шықты

Бельгия ұлттық құрамасы мен мадридтік «Реал» клубының негізгі қақпашысы Тибо Куртуа қатардан шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Реал» қақпашысы асқазанын ауыртып (гастроэнтерит) алыпты. Осыған байланысты ертең өтетін «Олимпиакосқа» қарсы матчқа қатыспайды.

Ал оның орнына ЧЛ 5-туры аясындағы матчта «бланкос» қақпасын Андрей Лунин қорғайды.