26.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» «Қайратпен» ойынды қарсаңында штабын күшейтті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Реал» «Қайратпен» ойынды қарсаңында штабын күшейтті

Мадридтік «Реал» алматылық «Қайратқа» қарсы ойынға бір апта қалғанда бапкерлік штабын жаңа маманмен толықтырды. Командаға стандарттық жағдайларды талдау және пысықтауға жауап беретін Хесус Руэда қосылды. Ол бұған дейін дәл осындай қызметті «Леганес» клубында атқарған.

Хаби Алонсо жаттықтыратын «Реал» Испания чемпионатын мінсіз бастады — алты матчтың бәрінде жеңіске жетіп, турнир кестесінің көшін бастап тұр. Чемпиондар лигасында да сәтті старт алған мадридтіктер бірінші турда «Марсельді» 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Енді «корольдік клубты» 30 қыркүйекте Алматыда өтетін «Қайратқа» қарсы сырттағы кездесу күтіп тұр. Қазақстандық команда өз кезегінде негізгі кезеңді Лиссабонда «Спортингке» 1:4 есебімен жеңіліп бастады.