Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» ойыншылары Хаби Алонсоның келетініне сенімді

«Реал» ойыншылары Хаби Алонсоның келетініне сенімді

Мадридтік «Реалдың» ойыншылары жазда команданың жаңа бас бапкері Хаби Алонсо болады деп сенеді, деп хабарлайды Prosports.kz AS басылымына сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің мәліметінше, команда ішінде Карло Анчелоттидің кетуі жиі талқылануда. Италиялық маманның Бразилия құрамасын баптайтыны айтылып жүр. Ал «Реалдың» ішінде Алонсоның келуі іс жүзінде шешілген мәселе ретінде қарастырылып отыр.

Өз кезегінде, қазір Хаби Алонсо жұмыс істеп жатқан «Байер» де оның кетуіне дайындала бастаған. Леверкузендік клуб испандық бапкердің орнына бірнеше үміткерді қарастыруда. Олардың ішінде басты кандидат – «Реал Сосьедадтан» жазда кететін Иманол Альгуасиль.