Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» Нико Пасты кері қайтаруға мүдделі

«Реал» Нико Пасты кері қайтаруға мүдделі

As басылымының мәліметінше, мадридтік «Реал» қазіргі таңда «Комо» сапында өнер көрсетіп жүрген Нико Пасты клубқа қайта алуды қарастырып жатыр. 20 жастағы жартылай қорғаушы өткен жазда 6 миллион еуроға италиялық клубқа ауысқан болатын.

Серия А-ның биылғы маусымында Паст 33 матчта 6 гол және 8 нәтижелі пас тіркеп, әсерлі нәтиже көрсетуде. «Реал» оның даму қарқынын жоғары бағалап отыр және 8 миллион еуроға кері сатып алу құқығын іске қоса алады.

Алайда қазіргі уақытта мадридтік клубтың басым бағыты — қорғаныс шебін күшейту, атап айтқанда шеткі және орталық қорғаушыларды қосу.

«Реал» Нико Пасты әмбебап жартылай қорғаушы ретінде қарастырады — ол «оншы» позициясында да, орталық жартылай алаңда да ойнай алады.