08.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Реал Мадрид» пен «Атлетико Мадрид» Ла Лигадағы көшбасшылық үшін айқасады

8-ші мен 9-шы ақпан түнінде Ла Лиганың 23-ші тур аясында тағы бір Мадрид дербиі өтеді — «Реал Мадрид» өз алаңында «Атлетико Мадридті» қабылдайды.

Матч Қазақстан уақыты бойынша 01:00-де басталады; чемпионат көшбасшысы «Реал» (49 ұпай) өзінің басты қарсыласы — 48 ұпаймен екінші орында келе жатқан «Атлетикомен» кездеседі.

Екі команда да дербиге әртүрлі көңіл-күймен келеді: «бланкос» өткен турда күтпеген жерден «Эспаньолдан» (0:1) жеңілсе ал «матрасниктер» «Мальорканы» 2:0 есебімен сенімді ұтты.

Жуырдағы кубок кездесулерінде командалар мынадай нәтиже көрсетті:

  • «Реал» қызу тартыста «Леганесті» 3:2 есебімен жеңді
  • «Атлетико» «Хетафені» 5:0 есебімен талқандады

Айта кетерлігі қыркүйекте өткен бәсекелес командалардың соңғы кездесуі — 1:1 есебімен тең аяқталған болатын.