Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Реал Мадрид» келесі кезеңге бір қадам жақындады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Испания Кубогының жартылай финалында мадридтік «Реал» сырт алаңда «Реал Сосьедадпен» кездесіп, тартысты матчта 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойын тағдырын жалғыз гол шешті, екінші таймда жартылай қорғаушы Джуд Беллингем айып алаңы маңында шеберлік танытып, тамаша пас берді, ал Эндрик суытпай допты қақпаға бағыттап, есеп ашты.

Бұл кездесуде «Реал» шабуылшысы Винисиус Жуниор алғаш рет капитандық міндетті атқарды. Жас бразилиялықтың көшбасшылық рөлін клуб басшылығы жоғары бағалап, оған сенім артқаны байқалды.

Осылайша, «корольдік клуб» Испания Кубогының финалына шығуға жақындай түсті, ал Карло Анчелоттидің шәкірттері маусымдағы тағы бір трофейге таласуын жалғастыруда.