Оқу уақыты: 1 мин

«Реал Мадрид» Қазақстанда футбол академиясын ашпақ

«Реал Мадрид» Қазақстанда футбол академиясын ашпақ

Қазақстан құрамасының баспасөз хатшысы Ермұхамед Мәулен мәлімдегендей, мадридтік «Реал» Қазақстанда өз академиясын ашуды жоспарлап отыр.

Әлі ешқайда айтылмаған инсайдты айтайын. «Реал Мадрид» Қазақстан аумағында академия ашады. «Барселона» Қырғызстанда академия ашты, ал олар бізде ашқысы келеді, себебі біз дамығанбыз деп санайды. Орталық Азияның барлық елдері балаларын осында жібереді, бірақ бір мәселе бар — жылына 30 мың доллар төлеуіңіз керек

Айта кетейік, Жалал-Абадтағы «Барселона» академиясы — әлемдегі 29-шы және Орталық Азиядағы алғашқы академия — бір жарым жыл бұрын жұмысын бастаған.