26.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Реал Мадрид Германия құрамасының шабуылшысы Вольтемадеге қызығушылық танытты

Реал Мадрид Германия құрамасының шабуылшысы Вольтемадеге қызығушылық танытты

Marca мәлімдеуінше, мадридтік «Реал» U21 және U19 Еуропа чемпионаттарында өнер көрсетіп жүрген төрт жас футболшыға қызығушылық танытуда.

Корольдік клубтың басты нысанасы — «Штутгарт» шабуылшысы Ник Вольтемаде — Бундеслигадағы 28 ойында 12 гол соққан команданың екінші үздік сұрмергені. Қазіргі жастар Еуросында 23 жастағы шабуылшы төрт кездесуде алты гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

«Реалдың» қызығушылық тізіміне енгендер:

  • «Валенсия» қорғаушысы Кристиан Москера
  • АЗ жартылай қорғаушысы Кес Смит
  • «РБ Лейпциг» қорғаушысы Кастелло Лукеба

Bild мәліметінше, «Штутгарт» Вольтемадені 60 миллион еуроға бағалап отыр, ал футболшыға мюнхендік «Бавария» да қызығушылық танытуда.