Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Реал Мадрид» «Эль Класико» алдындағы баспасөз жиынынан бас тартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Реал Мадрид» «Барселонаға» қарсы алда өтетін «Эль Класико» қарсаңында бас бапкер Карло Анчелотти мен Лука Модричтің қатысуымен жоспарланған баспасөз жиынын өткізбейтінін хабарлады.

Клуб сонымен қатар ойын алдындағы дәстүрлі фотосессия мен ашық жаттығудан да бас тартты.

Marca басылымының мәліметінше, бұл шешім төрешілердің клубқа қатысты жасаған қысымына жауап ретінде қабылданған. Испанияда финал алдындағы аптаның өзінде-ақ төрешілер тарапынан «Реалға» қатысты бірқатар қоқан-лоқы әрекеттер тіркелді.