Оқу уақыты: 1 мин

Реал Мадрид Атлетиктің шабуылшысын 58 миллион еуроға алмақ

Реал Мадрид Атлетиктің шабуылшысын 58 миллион еуроға алмақ

Championat.com мәліметі бойынша, Мадрид Реалы Атлетик Бильбаоның шабуылшысы Нико Уильямсты сатып алуға ниетті.

Баск клубымен келісімшартты мерзімінен бұрын бұзу үшін — мадридтіктер 58 миллион еуро төлеуі керек. Уильямстың трансфері сәтті болған жағдайда — Реалдан Родриго Гоэс кетуі мүмкін.

Барселонаның 22 жастағы шабуылшыға қызығушылығы — мадридтік клубқа келіссөздерді жандандыруға қосымша ынталандыру болды. Ағымдағы маусымда Уильямс барлық турнирлерде 44 матч өткізіп, 11 гол соғып, 7 голдық пас берді.

Футболшының Атлетикпен келісімшарты 2027 жылдың жазына дейін жарамды, ал оның нарықтық құны 70 миллион еуро деп бағаланады.