17.06.2025
Оқу уақыты: 2 мин

Реал Мадрид – Аль-Хиляль: Клубтар арасындағы әлем чемпионатына болжам (19.06.2025)

Реал Мадрид – Аль-Хиляль: Клубтар арасындағы әлем чемпионатына болжам (19.06.2025)

2025 жылдың 19 маусымында Астана уақытымен 00:00-де Майами-Гарденстегі (Флорида штаты, АҚШ) «Хард Рок Стэдиумда» Клубтар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы турында «Реал Мадрид» пен «Аль-Хиляль» кездеседі. Букмекерлер бұл ойында Испания өкілін айқын фаворит санайды. Екі команданың қазіргі жағдайына шолу жасап, болжам ұсынамыз.

Реал Мадрид

Алдағы матч — Хаби Алонсоның бас бапкер ретіндегі «Реалдағы» алғашқы ресми кездесуі болмақ. Өткен маусым «корольдік клуб» үшін өз деңгейінде өтпеді: Ла Лигада тек екінші орын, Чемпиондар лигасынан ширек финалда шығып қалу және бірде-бір трофейсіз аяқталған маусым. Сондықтан бұл турнир жаңа бапкер үшін өз әлеуетін көрсетуге мүмкіндік.

Жазғы трансфер кезеңінде клуб құрамды күшейтті — қатарға Дин Хейсен мен Трент Александер-Арнольд қосылды. Сонымен қатар, Алонсо бұл турнирге 34 ойыншыны шақырды, оның ішінде 9 футболшы — «Реал» академиясының түлектері.

Қалай болғанда да, «Реалдың» мақсаты — әр турнирде жеңіске жету. Клуб Клубтар арасындағы әлем чемпионатында жеңістер саны бойынша рекордшы (5 рет). Соңғы рет бұл трофейді 2022 жылы жеңіп алған.

Аль-Хиляль

Сауд Арабиясының клубы үшін өткен маусым сәтсіз болды — бірде-бір трофей ұтып ала алмады. Осыған байланысты турнир қарсаңында команданың бапкері ауысты. Ұжым тізгінін Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен тәжірибелі маман Симоне Индзаги алды. Дегенмен, ол командаға өз стилін толық сіңіре алды ма — бұл сұрақ әзірге ашық.

Жазда құрамды күшейтуге уақыт жетпеді. Командада жұлдызды ойыншылар аз емес: Митрович, Милинкович-Савич, Рубен Невеш, Кулибали және Канселу. Құрамның негізгі бөлігін сақтап қалғандықтан, Индзаги 3-5-2 схемасынан бас тартып, 4-3-3 жүйесіне көшуі ықтимал.

Статистика және жеке кездесулер

Бұл командалар 2023 жылы Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалында кездескен. Ол ойын өте тартысты өтті — «Реал» 5:3 есебімен жеңіске жетті.

Болжам

Бұл жолы да «Реал» — айқын фаворит. Ойынның нәтижелі болу ықтималдығы жоғары. Индзаги жаңа командаға бейімделіп үлгермеді, ал «Аль-Хиляль» соңғы матчтарда голдарға бай ойындар өткізіп жүр. Дегенмен, «Реал» әлдеқайда ықпалды көрінеді, сондықтан «Реалдың» -1.5 форясымен жеңісіне бәс тігу ұсынылады (коэффициент — 1.89).