05.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» «Ливерпульдің» жас жұлдызына көз тікті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Реал» «Ливерпульдің» жас жұлдызына көз тікті

«Ливерпульдің» 17 жастағы вингері Рио Нгумоха мадридтік «Реалдың» трансферлік назарында тұр. Defensa Central дерегін келтірген Transfer News Live мәліметінше, «корольдік клубтың» президенті Флорентино Перес жас таланттың ойынын ерекше бағалайды.

Айтулы ойыншының өзі де бала кезден «Реалға» жанкүйерлік ететіні белгілі.

Нгумоха жақында АПЛ-дегі алғашқы ойынында-ақ жарқ етіп танылды. Ол «Ньюкаслдың» қақпасына жеңіс голын соғып (3:2), «Ливерпуль» тарихындағы Премьер-лигада гол салған ең жас футболшы атанды.

Transfermarkt дерегі бойынша, ағылшын жас жұлдызының трансферлік құны 10 миллион еуроға бағалануда.