Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» қорғанысын күшейтуді көздейді — Салиба трансфері бойынша келіссөз жүріп жатыр

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Реал» қорғанысын күшейтуді көздейді — Салиба трансфері бойынша келіссөз жүріп жатыр

Мадридтік «Реал» қорғаныс шебін жаңарту бағытында нақты қадамға кірісті. Клуб «Арсеналдың» негізгі қорғаушысы Уильям Салибамен келіссөз жүргізіп жатқанын бірнеше дереккөз растады.

23 жастағы француз футболшысы соңғы маусымдарда АПЛ-дің үздік орталық қорғаушыларының біріне айналды. «Реал» оны жазғы трансфер терезесінде қатарға қосуды жоспарлап отыр.

Егер келіссөздер сәтті аяқталса, Салиба мадридтік клубтың жаңа маусымдағы алғашқы ірі трансферлерінің бірі болмақ.