22.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» клубтық әлем чемпионатында «Пачукамен» түнгі матч өткізеді

«Реал» клубтық әлем чемпионатында «Пачукамен» түнгі матч өткізеді

22-ден 23 маусымға қараған түні америкалық Шарлоттта — клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінде «Реал» мен «Пачука» кездеседі.

Мадридтік клуб турнирдегі алғашқы ойынында «Әл-Хилялды» жеңе алмады — матч 1:1 есебімен аяқталды. Испандықтар атынан Гонсало Гарсия гол соқса, сауд командасынан Рубен Невеш пенальтиден мықты болды. Ойын соңында Федерико Вальверде 11 метрлік соққыны орындай алмады.

Мексикалық команда турнирді «Зальцбургтан» жеңілумен бастады — 1:2. Австриялық клуб Оскар Глух пен Карим Онисивоның голдарының арқасында жеңіске жетті, ал «Пачука» атынан жалғыз голды Брайан Гонсалес соқты.

Матч трансляциясы Қазақстан уақыты бойынша 00:00-де «Qazsport» телеарнасында басталады — букмекерлер испандық клубты фаворит санайды.