Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» Испания Кубогының финалына 41-ші рет шықты

«Реал» Испания Кубогының финалына 41-ші рет шықты

Wikipedia дерегінше, Mадридтік «Реал» Испания Кубогының финалына жолдама алды. Жартылай финалда «Реал Сосьедадпен» өткен екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жетті — 1:0 және 4:4 (қосынды есепте — 5:4).

Турнирдің шешуші матчы 26 сәуірде өтеді. «Реалдың» қарсыласы «Барселона» мен «Атлетико» арасындағы жұптың жеңімпазы болады.

Бұл — «ақ түстілердің» Кубок финалына 41-ші рет шығуы, бұл көрсеткіш бойынша олар «Атлетик Бильбаоны» (40 финал) басып озды және «Барселонадан» (42 финал) кейінгі екінші орынға жайғасты.

Осыған дейінгі 40 финалда «Реал» 20 рет жеңіске жетіп, 20 рет финалда жеңілген.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!