28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» ФИФА-ның клубтық әлем чемпионатындағы логистикалық мәселелерін сынға алды

«Реал» ФИФА-ның клубтық әлем чемпионатындағы логистикалық мәселелерін сынға алды

Goal мәліметінше, мадридтік «Реал» Филадельфияда «Зальцбургты» 3:0 есебімен жеңгеннен кейін клубтық әлем чемпионатында команданы тасымалдауды ұйымдастыруға наразылық білдірді.

ФИФА тарапынан тиімсіз үйлестіру салдарынан – команда Палм-Бичтегі жаттығу лагеріне оралу кезінде стадион маңында да, әуежайда да ұзақ кідірістерге тап болды.

«Реал» ойыншылары жолда алты сағаттан астам уақыт өткізіп, қонақүйге таңғы бес шамасында ғана жетті – бұл келесі жаттығуға дейінгі қалпына келу уақытын айтарлықтай қысқартты.

«Ювентуспен» 1/8 финалдық матч қарсаңында клуб басшылығы осындай логистикалық іркілістер команданың маңызды кездесуге дайындығына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдауда.