15.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» «Борнмуттың» 58 млн еуролық қорғаушысына көз тікті

«Реал» «Борнмуттың» 58 млн еуролық қорғаушысына көз тікті

Фабрицио Романоның мәліметінше, мадридтік «Реал» «Борнмут» қорғаушысы Дин Хейсен мен оның өкілдеріне ресми келісімшарт ұсынысын жіберді.

Испандық қорғаушының келісімшартында 58 миллион еуролық клаусула бар — «Борнмут» өз ойыншысы үшін дәл осы соманы алуды көздеп отыр.

«Реалмен» келіссөздер қиындаған жағдайда футболшыға үш ағылшын алпауыты — «Челси», «Арсенал» және «Ливерпуль» үміткер. Алайда Хейсеннің өзі тек мадридтік клубқа ауысуға бел буған және басқа командалардың ұсыныстарынан бас тартуға дайын.