15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» Альваро Каррерасты «Бенфикадан» сатып алды – алты жылдық келісім

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Реал» Альваро Каррерасты «Бенфикадан» сатып алды – алты жылдық келісім

Мадридтің «Реалы» ресми түрде Альваро Каррерастың командаға қосылғанын жариялады. 22 жастағы испандық қорғаушы лиссабондық «Бенфикадан» ауысып келді. Футболшымен келісімшарт 2031 жылдың 30 маусымына дейін жасалды.

Каррерас — «Реал» академиясының түлегі. Ол бұған дейін клубтың жастар командаларында ойнаған. 2020 жылы Испаниядан кетіп, «Манчестер Юнайтед» жүйесіне қосылды. Ал 2023 жылдың жазында оны «Бенфика» 6 миллион еуроға сатып алған болатын.

Бейресми ақпарат бойынша, «Реал» қорғаушыны қайтару үшін шамамен 50 миллион еуро төлеген. Каррерас 2025/26 маусымында негізгі құрамның ойыншысы болады және алдағы күндері командамен маусым алдындағы жиынға қосылады.