Оқу уақыты: 1 мин

«Реал» Александер-Арнольдты «Ливерпульден» өтемақысыз алғысы келеді

«Реал» Александер-Арнольдты «Ливерпульден» өтемақысыз алғысы келеді

The Telegraph мәліметінше, мадридтік «Реал» Трент Александер-Арнольдты қаржылық шығынсыз алуды жоспарлап отыр. Клуб «Ливерпульден» трансфер үшін өтемақыны алып тастауды сұраған.

26 жастағы «Ливерпуль» қорғаушысы — «ақ киімділердің» келесі маусымға басты нысанасы. Мадридтіктер ағылшын ойыншыны клубтық әлем чемпионатында ойнатқысы келеді, бұл үшін оның мерсисайдтықтармен келісімшартын мерзімінен бұрын бұзу қажет.

Бұған дейін испандық басылымдар «Реалдың» 500-850 мың фунт көлемінде өтемақы төлеуге дайын екенін хабарлаған, алайда мұндай шығындар клубтың ағымдағы трансферлік стратегиясына сәйкес келмейді.