Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Реал» 2025 жылғы алғашқы үйдегі жеңілісіне ұшырады

Карло Анчелоттидің шәкірттері Ла Лиганың 30-турында «Сантьяго Бернабеу» стадионында «Валенсиядан» 1:2 есебімен жеңіліп, күтпеген нәтиже көрсетті.

Бұл мадридтік клуб үшін 2025 жылғы алғашқы үйдегі жеңіліс болды. Бұған дейін «Реал» өз алаңында соңғы рет бес ай бұрын, Чемпиондар лигасы аясында «Миланнан» 1:3 есебімен ұтылған еді.

Ал ұлттық біріншілік деңгейінде «ақ түстілер» өткен жылдың қазан айында «Барселонаға» 0:4 есебімен есе жібергелі бері «Бернабеуде» жеңілмей келе жатқан болатын.

 

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!