21.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Рауль Аллахвердиев Бельгияның «Генк» клубына ауысты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астана» футбол клубының 18 жасар түлегі Рауль Аллахвердиев мансабын Бельгияда жалғастырады. Жас ойыншы жергілікті үздік клубтардың бірі саналатын «Генкпен» келісімшартқа қол қойды. Қазақстандық футболшы алғашқы кезеңде бельгиялық команданың U21 жас санатында өнер көрсететін болады.

Аллахвердиев бұған дейін Қазақстан Премьер-лигасында тәжірибе жинап үлгерді. Өткен маусымда ол «Оқжетпес» сапында ойнап, өзінің жылдамдығы және техникалық шеберлігімен көзге түсті. Оған дейін «Жеңіс» командасында доп тепкен.

Бельгияның «Генк» клубы талантты жастарды дамытуымен танымал. Бұл командадан кезінде Кевин Де Брюйне, Тибо Куртуа және Янник Карраско сынды әлемдік деңгейдегі жұлдыздар шыққан. Аллахвердиев үшін бұл Еуропадағы мансабын бастауға тамаша мүмкіндік болмақ.

Футболшының жаңа клубқа бейімделуі мен дамуы қазақстандық жанкүйерлер үшін де қызықты болатыны анық. Енді оның Бельгияда өзін қалай көрсететінін уақыт көрсетеді.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!