08.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Расул Асанханов нокаутпен финалға шықты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Расул Асанханов нокаутпен финалға шықты

Қазақстандық боксшы Расул Асанханов Бангкокте өтіп жатқан World Boxing ұйымының жастар арасындағы Азия чемпионатының (U19) финалына жолдама алды.

90 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда ол Тайвань өкілі Ен По Ченмен жұдырықтасты. Екінші раундта Асанханов қарсыласын екі рет нокдаунға жіберіп, төреші жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтатты.

Осылайша, Расул Асанханов Азия чемпионатының финалына шықты. Тайваньдық боксшы жарысты қола жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, бұл турнир – World Boxing ұйымы аясында алғаш рет U19 және U22 жас санаттарын біріктіріп өткізілген тарихи Азия чемпионаты.