19.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рашфорд жалға алу негізінде Барселонаға ауысуға жақын

Рашфорд жалға алу негізінде Барселонаға ауысуға жақын

BBC Sport мәліметінше, Маркус Рашфордтың арманы — «Барселонаға» ауысуы жақын. Клуб өкілдері 27 жастағы шабуылшыны кейіннен сатып алу құқығымен жалға алу туралы келіссөздер жүргізуде.

«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Рубен Аморимнің негізгі командасынан бөлек жаттығып жатқан бес ойыншының бірі. Аптасына 325 мың фунт жалақысымен оның кетуі клубтың төлем тізімін айтарлықтай жеңілдетеді.

«Барселонаның» спорт директоры Деко бұрын ағылшын ойыншысына қызығушылық танытқан:

«Трансфер нарығына шыққанда, команданы күшейте алатын есімдер бар. Бізге Луис, Рашфорд және басқа да ойыншылар ұнайды»

«Юнайтед» тәрбиеленушісі өткен жылдың желтоқсанынан бері алаңға шыққан жоқ — оның соңғы ойыны «Виктория Пльзеньмен» Еуропа Лигасының матчы болды. Манчестер клубындағы мансабында Рашфорд 426 матчта 138 гол соқты.