03.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рашфорд «Барселонада» жүз гол соғамын деп әзілдеді

Рашфорд «Барселонада» жүз гол соғамын деп әзілдеді

Mundo Deportivo мәлімдегендей, «Барселонаның» жаңа ойыншысы Маркус Рашфорд алдағы маусымдағы голдар туралы сұраққа әзілмен жауап берді.

«Тұсаукесер маусымда қанша гол соғасыз?»
«100 (күліп)! Шын мәнінде, барынша көп. Басқа елде және басқа стильде ойнау мен үшін әдеттен тыс болатынын білемін, бірақ мен бұл сынақты қабылдап, барынша көп гол соғуға тырысамын», — деді шабуылшы.

Ағылшын шабуылшысы биылғы жылдың шілдесінде «Манчестер Юнайтедтен» каталон клубына жалға өтті.