13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рамазан Оразов Солтүстік Македониямен матчқа қатыспайды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рамазан Оразов Солтүстік Македониямен матчқа қатыспайды

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Солтүстік Македонияға қарсы ойынға қатыса алмайды.

Бұл ақпаратты спорт журналисі Эльдар Аманбаев мәлім етті.

«Менің дерегім бойынша, Рамазан Оразов ертеңгі кездесуге қатыса алмайды. „Елімай“ футбол клубының жартылай қорғаушысы жаттығу кезінде жарақат алып қалды. Оның орнына негізгі құрамға Дамир Қасаболат шығуы жоспарланып отыр. Рэм, тез сауығып кет!», — деп жазды журналист.

Қазір құрамалар J тобында сынға түсіп жатыр. Қазақстан құрамасы бес турдан кейін 6 ұпаймен төртінші орында тұр. Ал 12 ұпай жинаған Солтүстік Македония көш бастап келеді.

Отандастарымыз осыған дейін Бельгиядан (0:6), Солтүстік Македониядан (0:1) және Уэльстен екі мәрте (1:3, 0:1) жеңіліп, Лихтенштейнді екі рет (2:0, 4:0) тізе бүктірген болатын.