Оқу уақыты: 1 мин

Рамазан Оразов финалға шыққанымен, алаңға шықпады — ҚПЛ-ға оралуы мүмкін

Рамазан Оразов финалға шыққанымен, алаңға шықпады — ҚПЛ-ға оралуы мүмкін

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Дания Кубогының жартылай финалдық қарымта матчында алаңға шықпады. Ол бүкіл ойынды қосалқы құрамда өткізді.

Оразовтың командасы «Силькеборг» өз алаңында қарсыласын 2:1 есебімен жеңіп, алғашқы кездесудегі 3:3 нәтижесінің арқасында турнирдің финалына жолдама алды.

Қолда бар ақпаратқа сәйкес, бір жарым жыл бұрын «Ақтөбеден» Данияға ауысқан жартылай қорғаушы ҚПЛ-ға оралу мүмкіндігін қарастырып жүр. Себебі ол еуропалық чемпионаттағы ойын уақытының аздығына қанағаттанбайды.