Оқу уақыты: 1 мин

Рахмоновтың октагонға оралатын уақыты белгілі болды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рахмоновтың октагонға оралатын уақыты белгілі болды

Шавкат Рахмонов келесі жекпе-жегін қазан айында өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы оның бапкері Эдуард Базаров мәлімдеді.

Еске салайық, бұған дейін отандасымыз жарақатына байланысты Белал Мұхамадпен өтетін жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болған еді.

Қазір Рахмонов қалпына келу процесінен өтіп жатыр және октагонға толық дайын күйде оралуды көздеп отыр. Жекпе-жек өтетін нақты күні мен қарсыласы жақын арада белгілі болады деп күтілуде.