22.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафинья жарақаттан айығып, Реалмен ойынға дайын

Рафинья жарақаттан айығып, Реалмен ойынға дайын

Marca басылымының хабарлауынша, «Барселонаның» қанатшабуылшысы Рафинья Диас санының артқы бұлшық етінің жарақатынан кейін алаңға оралуға дайын.

Бір ай бұрын «Овьедомен» матчта жарақат алған бразилиялық футболшы командалық жаттығуларға қосылды — оның қалпына келуі қиындықсыз өтті.

Каталон клубының бас бапкері Ханс-Дитер Флик кеше Чемпиондар лигасының «Олимпиакоспен» матчында ойыншыны үнемдеуге шешім қабылдады — жаттықтырушы футболшыға эль-класикоға дайындалу үшін қосымша уақыт беруді жөн көрді.

Рафиньяның «Реалмен» матчта бастапқы құрамда ойнайтыны немесе қосалқы құрамда қалатыны әзірге белгісіз.