14.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафинья Алтын доп алу мүмкін еместігі туралы постқа жауап берді

Рафинья Алтын доп алу мүмкін еместігі туралы постқа жауап берді

«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Рафинья әлеуметтік желіде Еуропаның үздік футболшысына берілетін «Алтын доп» алу мүмкіндігі туралы жазбаға белгі қойды.

Бразилиялық Mundoo-Futebol порталы Рафиньяның гол тойлауы мен күйзелістегі Неймар мен Винисиустың суреттері бар пост жариялады:

«Рафиньяға арналған Алтын доп. Біз бұл оқиғаны бұрын да көргенбіз және өкінішке орай, ол тағы да қайталанады»

Айта кетейік, «Барселона» мен «ПСЖ-де» ойнаған Неймар дауыс беруде екі рет үшінші орын алды — 2015 және 2017 жылдары Лионель Месси мен Криштиану Роналдудан кейін қалды. Ал «Реалдың» ойыншысы Винисиус өткен жылы «Манчестер Ситидің» Родриінен кейін екінші орын алды.