22.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Уразбахтин: «Жанкүйерлердің бұланда көп болғанын қалар едім»

Рафаэль Уразбахтин: «Жанкүйерлердің бұланда көп болғанын қалар едім»
Футболдан Қазақстан премьер лигасының кейінге шегерілген 8-тур матчы аясында «Қайрат» өз алаңында «Жеңісті» 3:1 есебімен жеңді.
Тартысты кездесуден кейін «Қайрат» ФК бапкері Рафаэль Уразбахтин өз пікірімен бөлісті.
Бүгінгі жеңіс үшін қуаныштымын. Жанкүйерлерді шын жүректен құттықтаймын. Біз өзімізге қажетті ұпайды алдық. Енді үш маңызды матч қалды. Жанкүйерлердің қолдауына рақмет айтқым келеді. Бірақ жанкүйерлердің бұланда көп болғанын қалар едім. «Жеңіс» оңай команда емес. Олар допты бақылауда жақсы ұстауды біледі. Қойылған тапсырманы жігіттер мүлтіксіз орындап шықты.

Айта кетейік, «Қайраттың» келесі матчы Чемпиондар лигасы аясында мадридтік «Реалға» қарсы өтеді.