29.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы ойын алдындағы пікірін білдірді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Рафаэль Уразбахтин «Реалға» қарсы ойын алдындағы пікірін білдірді

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин UEFA Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі екінші турында «Реал Мадридпен» өтетін ойын алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Sport-pulse.kz.

«Шын мәнінде біз «Реалдың» барлық ойынын емес, соңғы бес кездесуін ғана сараптадық. Клубтар арасындағы әлем чемпионатындағы ПСЖ-мен өткен матчқа да назар аудардық. Футболда жеңіліс – заңды құбылыс, онсыз болмайды. «Реал» – тұрақтылыққа негізделген команда. Олар сол ойында тактикалық жүйені өзгертті, бәлкім, соның әсерінен қиындықтар туындаған шығар. Сондай-ақ әдетте қосалқы құрамнан шығатын бірнеше ойыншы негізгі құрамда алаңға шықты. Баға беруден аулақпын. Дегенмен біз көбірек олардың жеңіске жеткен матчтарын талдадық. Ертең бәрін көретін боламыз», – деді Уразбахтин.

Кездесу 30 қыркүйекте сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» арналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.